Пәк періште - ардағым - асыл құсым,
Неткен ғажап сұлусың асыл мүсін.
Саған қайау түсіргім келмес менің,
Мың сұлудан таңдаған ғашығымсың.
Пәк періште, таңғалдым сымбатыңа,
Ұйаламын өзіңе тіл қатуға.
Қос жанарың мөлдіреп күлімдейсің,
Көзәйнегің жарқырап күн нұрына.
Пәк періште, ыйбалы, мінезің-ай,
Ойға сала береді мені қыйнай,
Мінезіңе көркің сай жан екенсің,
Басқа жанға қыйайын сені қалай.

热门推荐| 1 | |
|---|---|
| 2 | |
| 3 | |
| 4 | |
| 5 | |
| 6 | |
| 7 | |
| 8 | |
| 9 | |
| 10 |