作词 : Арайлым Жүкенова
作曲 : Шоқан Уәлихан
Тұлпарым шапқан дүбірі жаңғырған,
Бабамның бұл жері қалдырған.
Сұңқарым шыққан тұғыры биікте
Елімнің өр рухын қондырған.
Киелі мекенім, ардақтап өтерім,
Даламызға аян, ғажап екенің!
Самға, елім-ай,
Аманат боп қалған жерім-ай!
Ғаламатсың неткен қадірлі кең дала, көгім-ай!
Самға, елім-ай,
Аманат боп қалған жерім-ай!
Ғаламатсың неткен қадірлі кең дала, көгім-ай!
Намысым - найза, жігерім - қайладан,
Арымды рухыма қайрағам.
Тарихым - терең, шежірем - сан заман,
Санада от болып сайраған.
Киелі мекенім, ардақтап өтерім,
Даламызға аян, ғажап екенің!
Самға, елім-ай,
Аманат боп қалған жерім-ай!
Ғаламатсың неткен қадірлі кең дала, көгім-ай!
Самға, елім-ай,
Аманат боп қалған жерім-ай!
Ғаламатсың неткен қадірлі кең дала, көгім-ай!

热门推荐| 1 | |
|---|---|
| 2 | |
| 3 | |
| 4 | |
| 5 | |
| 6 | |
| 7 | |
| 8 | |
| 9 | |
| 10 |