作词 : Бақытжан Ауданбай
作曲 : Нұрлан Еспанов
Әр адамды арман
Жетелеген алға,
Арман деген бақыт елесі.
Арманға ермесең,
Армандай білмесең,
Жанбай жатып, достым, сөнесің.
Түсіп кетпей еңсең,
Бәрін, бәрін жеңсең,
Қызығын да, достым, көресің.
Арман жолы - тәтті.
Бола бермес сәтті,
Әуресіне түсіп көнесің.
Арман-ай, арман-ай,
Көңілдің биік талғамы-ай,
Тіршіліктіктің мәні болады ма?
Армандарға асқақ самғамай?
Бескүндік жалғанда
Әлсіреп, қанатың талғанда
Күдеріңді үзбей үмітіңнен арманда!
Өткен күннен қалған,
Ертегіден алуан,
Адамзат өркендеп, нәр алған.
Бүгінгі айналаң,
Бүгінгі шат заман -
Кешегі арманнан жаралғаннан.
Армандай біл адам,
Алға қадам басып,
Шыға келер алдан мың арман.
Мың арман болса да,
Алға ұмтыл шаршама,
Алдыңнан шыққанша шын арман.

热门推荐| 1 | |
|---|---|
| 2 | |
| 3 | |
| 4 | |
| 5 | |
| 6 | |
| 7 | |
| 8 | |
| 9 | |
| 10 |