Марат Оразаев/Жазира Рахымжан-Шаттығым歌曲免费下载

《Марат Оразаев/Жазира Рахымжан-Шаттығым》歌曲详情

作词 : Марат Оразаев

作曲 : Марат Оразаев

Сол ғажап сәтті күнді,

Шырайлы шақты нұрлы.

Ақ таңдай пәктігіңді,

Жаным сені әнге қосып, жырлап өтейін.

Қара шаш, қара көзің,

Қылықты бал мінезің.

Ғашық боп қалдым өзім,

Аққудай сені аялап,

Бақытты етейін!

Бұлақтай сенің күлкің, кетпейді естен шіркін,

Өзіңмен өткен бір күн, мен үшін бұл өмірде ең бақытты күн!

Жанымда жүзің жайнап, еркелеп күліп ойнап, қызықты бірге тойлап,

Жүргейсің сен қасымда болып шаттығым!

Шырмалып сезіміңе сенің, Тапқандаймын жанымның емін.

Айналып сағынышқа кетпей, Жанымда жүр жарқыным менің!

Көргенше асықтырған,

Өзіңе ғашық қылған,

Махаббат тасып тұрған,

Бұлақтай мөлдір тұнық, ұлы бір сезім.

Бойымда қаным тулап,

Сенсіз жүре алмайтын,

Жаным деп жыр арнайтын, менің бұл жалындаған бақытты кезім.

Бұлақтай сенің күлкің, кетпейді естен шіркін,

Өзіңмен өткен бір күн, мен үшін бұл өмірде ең бақытты күн!

Жанымда жүзің жайнап, еркелеп күліп ойнап, қызықты бірге тойлап,

Жүргейсің сен қасымда болып шаттығым!

Шырмалып сезіміңе сенің, Тапқандаймын жанымның емін.

Айналып сағынышқа кетпей, Жанымда жүр жарқыным менің!

下载地址:

此为隐藏内容,需人机验证后查看下载!