МузАрт-Жайлаукөл көштері歌曲免费下载

《МузАрт-Жайлаукөл көштері》歌曲详情

作词 : Ілия Жақанов

作曲 : Ілия Жақанов

Алаулап күн батса қырды асып

Кетуші ек, қалқатай, сырласып

Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені

Есте ғой, дариға, Жайлаукөл кештері

Ай туып, жұлдыздар жанғанда

Қол созып көктемгі арманға

Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді

Жақсы еді, дариға, Жайлаукөл кештері

Мүлгіген тыныштық, айдала

Шу бойы ырғалып жай ғана

Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай

Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері

Гүлдерді тербетіп самалдың ескені-ай

Аңсаттың, дариға, Жайлаукөл кештері

下载地址:

此为隐藏内容,需人机验证后查看下载!