Нұрлан Сағынай/Шаба Әденқұлқызы-Қаздар қайтып барады歌曲免费下载

《Нұрлан Сағынай/Шаба Әденқұлқызы-Қаздар қайтып барады》歌曲详情

作词 : Тұманбай Молдағалиев

作曲 : Теміржан Базарбаев

Көк жүзінде барады қаздар қайтып,

Күндер солай өтеді шалқып, шалқып.

Сағыныш қой,

Сағыныш қой,

Сарала жапырақтар,

Жақсылықтың жолында

Жатқан балқып.

Ақ қайыңдар қалады дір-дір етіп,

Жанымызды бір кезде күлдіретін.

Жазғы бақта,

Жазғы бақта,

Саулайды жапырақтар,

Өз өмірін соңғы рет

Бір жыр етіп.

Жайнап тұрған кешегі күн ескіріп,

Қара суық хабары тұр естіліп.

Қаздар ұшып,

Қаздар ұшып,

Барады оралмайтын,

Қанатына

Көктемді ілестіріп.

下载地址:

此为隐藏内容,需人机验证后查看下载!